top of page
 * Жазғы демалысты өткізудің
жаңа тәсілі- "камп"
                                 Шілде 2013
Нұрсұлтан атамыздың құттықтауы
                                    Шілде 2013

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті

АСТАНА, АҚОРДА                                                                                                13/06/2013

                                                      «КАТЕV» Халықаралық қоры оқу

                                          орындарының басшылығына,

                                                    педагогтары мен оқушыларына

 

Қымбатты достар!

Сіздерді «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының біздің еліміздегі қызметіне 20 жыл толуымен құттықтаймын!  

Қазақстан мен Түркия елдерінің бүгін де стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген тарихи тамыры ортақ мәдени байланыстары екіжақты қатынастардың қарқынды дамуына игі ықпал етуде.Қазақ-түрік лицейлері мен қордың басқа да оқу орындарының қазіргі табысты қызметі - осы достық пен ынтымақтастықтың жарқын дәлелі. Лицейлер оқушыларының көп тілде білім алуының өткен жылдардағы оң тәжірибесі, олардың үздік сабақ үлгілері мен бәсекеге қабілеттілігін айқын көрсетіп отыр.

Шәкірттердің тек соңғы бес жылдың өзінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда 220 алтын, 304 күміс, 421 қола медаль жеңіп алғаны зор мақтаныш екені сөзсіз.

Білім ұясының түлектері кәсіби білікті жоғары маман болып қалыптасып, ел экономикасының дамуына және Қазақстан мен Түркия халықтарының арасындағы бауырластық байланыстарды дамытуға лайықты үлестерін қосатынына сенімдімін.

Сіздерге мықты денсаулық пен бақыт, ұстаздық қызметте және білім мұхитын игеруде жаңа табыстар тілеймін!

                                                                  Нұрсұлтан Назарбаев

Жаңалықтар мен хабарламалар

Жазғы демалысты өткізудің жаңа тәсілі- "камп"

Лицейдің жоғарғы сынып оқушылары арнайы олимпиадшы балаларға жазғы демалыс күндерін өткізідің жаңа жолын ұсынды.Бұл "каптарға" келіп келешек жылдың ағымындағы олимпиадалар мен жарыстарға дайындалу, яғни жаз бойы құр демалмай демалысты қызықты да пайдалы өткізу.Ал сіз жазғы демалысыңызды пайдалы өткізіп жүрсіз бе?

Апта жаңалығы

Нұрсұлтан атамыздың құттықтауы
bottom of page